You are here

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясы өткізілді

08.12.2017, 15:00   304

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін, Астана қаласы әкімдігінде «Қоғамдық сананы жаңғырту-қазақстандық патриотизмнің негізі» атты тақырыппен Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясы өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тағы басқалар қатысты.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысындағы Қазақстан халқы ассамблеясының рөлін атап өткен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай алдағы атқарылатын жұмыстарды да мәлімдеді.

Сессия барысында айтылған сөздердің түйіні-Қазақстанның ең бағалы құндылығы бейбітшілік пен ұлтаралық келісім екеніне басымдық берілді. Бұл ретте Қазақстан халқы ассамблеясының қазақстандық бірлік пен толеранттылықтың үлгісін қалыптастырудағы рөлі ерекше.

Келер жылы елорданың 20 жылдығын атап өтуге байланысты аумақтық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осыған байланысты сессия жұмысы барысында Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай елордамыздағы этномәдени бірлестіктер өкілдерін қала мерейтойын ұйымшылдықпен атап өтуге шақырды. Сонымен бірге, ол қатысушылардың «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін белсенді түрде өткізгенін атап өтіп, оларға ризашылығын білдірді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаев өз сөзінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ең негізгі бағыттарының бірі-«Рухан жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру екенін атап өтті. «Бағдарламалық мақаланың мақсаты-бәріміз бірге болашақтың жасампаздығын одан әрі өркендету үшін жұмыла атсалысуымыз керек. Оның бірінші шарты-Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің басты міндетіне айналған ұлттық кодымызды және ұлттық мәдениетімізді сақтау парызымыз»,-деді ол.

Елордалық ассамблеяның XVI сессиясын қорытындылау барысында қарар қабылданып, ол бойынша Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының елорда дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбегіне оң баға берілді. Бүгінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің жұмыс істеген 22 жылында 24 этномәдени бірлестіктерді ұйымшылдықпен біріктіруге атсалысып, оларға тиісінше қолдау көрсете білді.

Алқалы жиын кезінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері болып армян қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.А. Салумян мен «Қазақстан Республикасындағы «Барбанг» күрдтер  ассоциациясы» РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Ш.З. Фатоев сайланғанын мәлімдеді.

Сессияны қорытындылау сәтінде елордадағы этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдеріне еңбекте табысқа жеткені үшін Астана қаласы әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 11 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15