You are here

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген жиыны

08.06.2017, 11:41   717

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 7 маусымда Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Рухани тәрбие-салт-дәстүрлеріміздің негізгі тәрбиесі» атты тақырыпқа Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген жиыны өткізілді.

Жиын жұмысына Астана қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және коммерциялық емес ұйымның өкілдері қатысты.

Аналар кеңесінің негізгі міндеті-Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын жүзеге асыруда  қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту үшін отбасы мен аналар институты жұмысын  үйлесімді дамыту, сондай-ақ отбасылық құндылықты дәріптеуді жүзеге асыру. 

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, модератор  Я.А. Низамутдинова негізгі тапсырмаларды атап өтіп, құрылымдалу мен қазақстандық патриотизмге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол сөз орайында Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірегейлігін, ұрпақтар мұрагерлігін сақтауды, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді және отбасылық құндылықтарға қатысты сұрақтарға да тұщымды жауап берді.

Кеңейтілген жиын барысында «Ана үйі» қоғамдық қоры қызметі туралы фильмнің таныстырылымы өткізілді. Ол бойынша қайырымдылық жобалары, әлеуметтік жетімдіктің  алдын алу жәйі және ол балалардың санын азайту мен жыл сайын балалар үйіне түсіп жатқандардың жағдайы сөз болды. 

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген жиынына қатысушы «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Б.М. Махметова осы қоғамдық қордың негізгі міндеттері туралы әңгімелеп берді: «Ана үйі-бұл дағдарысты жағдайда қалған аналардың желісі болып есептеледі. Олар өз өмірлерінің ауыртпашылығында жүктілік мерзімінің соңғы жағдайында жаңа туылған нәрестелерімен бірге қиындықты бастан өткереді. Қазақстан Республикасында жетім балалардың санын азайту мәселесінде үй-күйсіз аналарға арналған дағдарыс орталықтары «Аналар үйі» атауымен ашылды. Мұндай орталықтар еліміздің барлық аймақтарында бар.

«Аналар үйінде» өмірде өз қателіктері салдарынан бірінші рет өз балаларынан бас тартушы аналарға ойлануға, ана бақытын сезінуге және барлық мәселені таразыға салуға мүмкіндік жасалады.

Жетімдіктің алдын алу жұмысын дамытуда біз қажетті орталықтар бойынша бала асырап алу мәселесін жолға қойдық және аналарды қабылдайтын мектеп жақсы қызмет атқарып келеді. Бұлардың барлығы тұрғындардың бала асырап алуға қатысты сұрақтарына ақпараттық-кеңестік тұрғыдан қызмет көрсетеді»,-деді ол. Атқарушы директор жетімдіктің алдын алатын халықаралық тәжірибені де әңгіме барысында атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Аналар кеңесінің төрағасы С.М. Іңірбаева өз сөзінде отбасындағы тәрбие мәдениетіне айрықша тоқталып өтті: «Біздің мемлекетіміздің гүлдену ісінде ата-анларға зор жауапкершілік артылады. Олар өз балаларына мектеп жасына дейін қоғамдық-тәрбиелік жұмыс жүргізуі шарт. Бұл бойынша жас ұрпақтарды физикалық тұрғыдан кемел дамыту мен рухан-адамгершілік тәрбиесі алғы кезекте тұр»,-деп атап өтті С.М. Іңірбаева.

Іс-шараның қорытындысы бойынша бірнеше ұсыныстар енгізілді:

  1. Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен «Ана үйі» қоғамдық қорымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту;
  2. Аналар мен жағымды отбасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық бастамаларды дамыту және одан әрі қолдау көрсету;
  3. Елорданың оқу орындарында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің көшпелі іс-шарасын ұйымдастыру;
  4. Шақырылған тыңдармандар мен Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдері үшін тақырыптық лекция өткізу.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15