You are here

Ассамблея жылы-Ел бірлігі жылы немесе Астана қаласындағы 7 емханада өткізілген салтанатты жиын туралы

13.07.2015, 19:35   2915

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған жылдар бедерінде ел дамуына тікелей ықпал жасайтын баянды бастамалардың тұсауын кесіп, өркениет көшіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бұл ретте ішкі және сыртқы саясаттың тұрақты болуына айқын басымдық берілгенін атап өткеніміз жөн.

Әлемдік деңгейде сын-қатер өте алаңдатарлық жағдайда тұрған сәтте, елдегі тұрақтылықтың, соның ішінде ұлттар арасындағы ынтымақтың алғы кезекте тұратыны шүбәсіз. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміздің өнегелі ісі көпшілікке мақтан етуге тұрарлық. Ол бейбітшіліктің діңгегі-Қазақстан халқы Ассамблеясы дер едік. Биыл осы Ассамблея Жылы республика көлемінде жоғары деңгейде аталып өтіп, иглікті істердің сәтті орындалуына мүмкіндік жасалды. Мұндай шара жыл бойы жалғаса бермек және алдағы атқарылатын жұмыстар білікті мамандар тарапынан сараптан өткізілетін болады. Осындай бір мазмұнды шара жақында Астана қаласындағы 7 емханада болып өтті. Бұл шараның жоғары деңгейде өткізілуіне елордамыздағы Алматы аудандық «Нұр Отан» филиалы және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйытқы болды және аталған емхананың бастауыш партия ұйымы да өз деңгейінде атсалысты.

Салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген 7-ші қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Қуанышева қайсыбір ел болмасын адамдар саулығы мен тыныштық басты орында тұратынын айта келе, жалпы осы ізгілікті істердің өз деңгейінде орындалуына Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мүмкіндікті жасап отырғанын ерекше ілтипатпен жеткізді. Өз кезегінде пікір білдірген Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пактің сөзі де ешкімді бей-жай қалдырмады: «Ассамблея-халқымыз қадір тұтатын бейбітшлік символына айналды. Уақыт кезеңінде әлемдегі өзге мемлекеттердің Қазақстанның осы моделіне қызығушылық танытатынына бек сенімдімін. Өйткені, қазірдің өзінде шетелдің сарапшылары біздің Ассамблеямызға оң бағасын беріп үлгерді. Бір сөзбен айтқанда, бұл киелі шаңырақ Қазақстанды мекен еткен әрбір отбасының берекесін, ынтымағын арттыруға елеулі үлес қосуда»,-деді ол.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар бірлестігінің төрағасы Азамат Сүндетовтің сөзінен мәлім болғанындай, жастар жасампаз еліміздің болашағы үшін қолдан келгендерін аянбауда. Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде олардың біраз мүмкіндіктерге қол жеткізгенін мақтаныш сезіммен жеткізіп, аға ұрпақтың өсиетіне барынша адал болатындықтарын айтты.

Жиын соңында «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Ислам Рашидов қазақ тілінде көпшілікке ілтипат білдіріп, келешекте медицина саласы маманы болатынын атады. Жастардың жігерлі сөзінен өз Отанына деген құрметі және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында барын салып еңбек ететіндері аңғарылып тұрды.

Жалпы, емханада өткізілген салтанатты жиын талап деңгейінен шықты. Келушілер Қазақстандағы ұлттардың салт-дәстүрі мен тарихы жөнінде кеңінен әңгіме қозғап, ортақ мақсатты көздеген істерді абыройлы орындауға сенім білдірді.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15