АӨСШК ЕЛДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Астананың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының Азаматтық форумы өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, АӨСШК елдерінің өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және БАҚ қатысты.

Форум шеңберінде «Астана – Ұлы дала елінің жауһары» атты фотокөрме және форумға өңірлерден келген қатысушылардың сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен бірге АӨСШК елдерінің ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен, Астананың 20 жылдығына арналған флэш-моб ұйымдастырылды.

«Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында өткелі отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне мүше елдер ұлттық-мәдени орталықтарының азаматтық форумына қош келдіңіздер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Астана елімізге қуатты поссиянарлық серпін берді. Ол Қазақстанның көпұлтты халқына өзінің ортақ тарихи тағырының бірегейлігін сезінуге, өз күшіне сенуіне септігін тигізді» деген болатын», деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.

АӨСШК туралы идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында жария еткен болатын. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Азияда бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. 

«Бүгінге Азия әділеттілік жолында әлемдегі басты қозғаушы күштердің бірі екеніне күмән жоқ. Бұл эконмикадан бөлек өзара қарым-қатынастардың алуан түрлі дамуынанда көруге болады. Елбасының АӨСШК құру жөніндегі идеясы 24 елдің халқы 3 млрд адамнан тұратын халықаралық қауіпсіздік ұжымдықтарын біріктірді. 2008 жылдан бері дәстүрлі АӨСШК елдерінің қатысуымен бұл форум екіжақты байланыс диалог алаңына айналды. 2014 жылы АӨСШК атқарушы хатшылығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, екі жақ арасындағы байланысқа тың серпін беріп, ынтымақтастығымыз артты.

Адами өлшемдегі ынтымақтастықты нығайту мақсатында жыл сайын АӨСШК елдерінің ұлттық-мәдени орталықтарының форумы өткізіледі. Форумның мақсаты Орталық Азияда және АӨСШК кеңістігінде толерантты ортаны қалыптастыру, АӨСШК елдеріндегі халықтар арасында мәдениетаралық өзара іс-қимыл мақсатындағы қоғамдық диалог алаңшаларын құру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін зерделеу негізінде тәжірибе алмасу болып табылады. Форумды жыл сайын өткізу Қазақстан Республикасының бастамасы екендігін атап өту қажет. Бүгінгі Форумның күн тәртібіне қазіргі заманның өзекті мәселелері енгізіледі, мұның өзі әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша дер кезінде және қажетті диалог алаңшасын жасайды. Ұйымға да, іс-шараға да қатысушылар құрамының кеңейе түсуі де Форум қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады»деді ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко.

Осы орайда ол биылғы форумның тақырыбы «Астанаға ыстық ықыласпен» деп аталуында терең мән бар екендігін атап өтті: «Ол біздің бас қаламызға арналған баршаның ілтипаты мен сезімін көрсетеді».

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

 

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 28 Маусым, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.