Алдағы сайлауға қолдау танытты

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 2016 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдағы сайлауын қолдауға арналған отырысы өтті. Мәжіліске Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері (бұдан әрі – Астана қ. ҚХА ҒСТ), елордалық этномәдени бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-араның мақсаты Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобы мүшелерінің ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасын қолдайтын бірыңғай ұстанымын жасау.

Мәжіліске қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы және ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу қажеттігі жөніндегі мәселелерді талқылады. Заң шығарушы билік пен Қазақстан халқы Ассамблеясының тығыз әрекеттесуінің маңызы жөнінде Астана қ. ҚХА ҒСТ төрағасы Видади Салахов сөз қозғады. «Заң шығарушы билік – мемлекеттің дағдарысқа қарсы стратегиясын іске асырудағы негізгі тетік, елдің әрі қарай тұрақты дамуының іргетасы. Халықтың ұлттық бірлігін нығайтушы негіз іспеттес, заң шығарушы билік пен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы екіжақты әріптестікті дамытудың маңызы зор,» - деді В.Салахов.

Астаналық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Астана қ. ҚХА ҒСТ мүшесі Салман Героев: «ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы – Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы саясатын ойдағыдай іске асырудың кепілі. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай кезектен тыс сайлау өткізу қажеттілігін көрсетіп отыр», - деп атап өтті. Мәжіліске қатысушылар да Қазақстан Республикасы Парламентіне жаңа тұлғалар, заманға сай, жасампаз әрі белсенді халық өкілдері қажет деген пікірге келді. Өйткені тиімді Парламент – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруінің маңызды факторларының бірі әрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың негізі.

   

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.