You are here

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

16.10.2017, 18:02   394

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 17 қазан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қаласы, Достық 11, ҚХА залында) Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай мен Польша Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Польша Республикасы әкімшілігінің Мемлекеттік хатшысы – Репатриациялау ісі жөніндегі комиссар С.Хвалектің кездесуі өтеді.

Іс-шараға Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич, Польша Ішкі істер министрлігінің Азаматтық және репатриация департаментінің директоры Марек Зелинский, ҚХА өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жүзеге асыру және өзара қарым-қатынас, өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелері қаралады.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15