You are here

Ә.Ө.Исекешев

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.

№5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін (Орал қаласы, 1989) радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін (1998) бітірген, шет елде тәжірибе алған.

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2006-2007 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.

2007- 2008 жылдары «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында  Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың 06 тамызынан бастап Инвестициялар және даму министрі.

2016 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің № 288 Жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15